НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
ЖОЛ УЧАСКЕСІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ
Құрметті тұрғындар мен көлік жүргізушілері!
KXSG-7 «Дербісек–КХ-49–А-2» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 4,8 шақырым учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты 2026 жылғы 13 тамыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстарына байланысты Дербісек елді мекеніндегі КХ-49 облыстық маңызы бар автомобиль жолы бойында орналасқан бағдаршамнан бастап, А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолына дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша жабылады.
Жол жөндеу жұмыстарының қауіпсіз әрі сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында аталған жол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Осыған байланысты тұрғындар мен көлік жүргізушілерінен жол белгілері мен қоршаулардың талаптарын қатаң сақтауды, қауіпсіздік шараларына мұқият болуды және мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдалануды сұраймыз.
Жол жөндеу жұмыстары кезінде туындауы мүмкін уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1273099?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version