Рақымшылық туралы заңды іске асыру: жұмыс жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рақымшылық туралы заңды іске асыру: жұмыс жалғасуда

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасының «Жаңа Конституцияны қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Рақымшылық жасау шарасы 572 сотталған адамға қатысты қолданылады. 484 адамға қатысты материалдар сотқа жолданды, оның ішінде 100 материал қаралды.

Рақымшылықтың автоматты түрде қолданылмайтынын атап өткен жөн. Әрбір сотталған адамға қатысты заңда көзделген негіздердің бар-жоғына құқықтық баға беріледі. Қажетті материалдар дайындалғаннан кейін сотқа жолданып, түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері материалдарды уақтылы дайындау және соттарға жолдау, сондай-ақ қабылданған сот шешімдерін орындау жұмыстарын қамтамасыз етуде.

Рақымшылық – мемлекеттің ізгілік қағидатын білдіретін шара және адамға отбасына, еңбекке және заңға бағынатын өмірге оралуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1272723?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version