🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың есептік кездесуі Саудакент ауылында өтті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, қалалық билер кеңесінің төрағасы, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
🔰Кездесуде аудан басшысы аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, жоспардағы атқаратын жұмыстарды баяндады. Бүгінде ауылды көркейтуге үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы айтып, ауылдың жарқын болашағы үшін тынымсыз істер атқарыла беретінін жеткізді: – Қадірменді көпшілік! Қазақстан Республикасының Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, бүгін өздеріңізбен кездесіп, 2026 жылдың І-ші жартыжылдығында ауданымызда атқарылған жұмыстары туралы баяндап, аудан жұртшылығының талап тілектеріңізді тыңдауға жиналып отырмыз. Жиынымыздың басында елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тоқтала кетуді жөн көріп отырмын, – деп еліміздегі саяси науқан туралы кеңінен тоқталды.
🔰Сонымен қатар, өңірдің дамуына да тоқтала кетті. Мәселен, соңғы жылдары Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобалар жүйелі түрде қолға алынуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу жөніндегі тапсырмалары мен тұрақты қолдауының аясында жүзеге асуда. Қазіргі таңда облыстың инвестициялық пулында жалпы құны 5,6 триллион теңгені құрайтын 116 жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 71 жоба қазіргі таңда құрылыс кезеңінде. Тағы 45 жоба жобалау алдындағы дайындық жұмыстарынан өтуде. Бұл жобалардың басым бөлігі өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және «жасыл» экономика салаларына тиесілі.
🔰Жиында тұрғындар тарпынан аудан басшысына мәселелерді оң шешімін табуға ықпал етіп жүргені үшін алғыстарын да жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1273124?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау