Солтүстік Қазақстан облысында ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды қабылдау жүргізілуде. Бүгінде полиция қызметі тек көшелерде патрульдеу мен қоғамдық тәртіпті қорғаумен шектелмейді. Оның қатарында жедел жұмыс, қылмыстарды тергеу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, көші-қон бақылауы, кәмелетке толмағандармен жұмыс және басқа да бағыттар бар. Бұл ретте негізгі міндет өзгеріссіз қалады — халық пен мемлекет игілігіне қызмет ету, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту.
Полиция қызметінде заманауи технологияларға да ерекше мән беріледі. Полиция бөлімшелерінде бейнебақылау және жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің зияткерлік жүйелері, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану кешендері, «Кибер-шериф» мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендері, ұшқышсыз ұшу аппараттары және деректерді өңдеудің цифрлық жүйелері қолданылады. Сондай-ақ бейнеағындарды талдауға және жедел әрекет ету тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологиялары дамып келеді. Сондықтан ІІМ жүйесінде көшеде тікелей қызмет атқаруға дайын мамандармен қатар, техникалық, талдау және цифрлық дағдылары бар мамандар да сұранысқа ие.
Қызметкерлерге тұрақты ақшалай қамтылым, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, медициналық және санаторийлік-курорттық қамтамасыз ету, тиісті санаттағы қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері, кәсіби оқудан өту және біліктілігін арттыру мүмкіндіктері, сондай-ақ қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған әлеуметтік кепілдіктер беріледі.
Бос жұмыс орындарымен танысып, өтінішті qyzmet-police.kz интернет-платформасы арқылы беруге болады. Тіркелгеннен кейін сервис кандидаттың біліміне сәйкес бос лауазымдарды автоматты түрде ұсынады. Қызметке орналасу мәселелері бойынша СҚО тұрғындары тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне, Петропавл қаласындағы СҚО ПД кадр қызметіне, Алматинская көшесі, 55 мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7152) 612-612 және 61-26-57 телефондары арқылы жүгіне алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1273109?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау