TikTok-тағы тікелей эфир айыппұлмен аяқталды. Қарағанды облысының полиция қызметкерлері интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирлердің бірінен әдепсіз мазмұндағы жазбаны анықтады. Тікелей эфир барысында 42 жастағы әйел балағат сөздер айтып, әдепсіз ым-ишаралар көрсеткен. Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде құқық бұзушының Шахан кентінің тұрғыны Арай Құрымбаева екені анықталды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастырады. Цифрлық ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1273240?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау