Қарағанды облысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және жас ұрпақтың бойында елдік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасына өтінім қабылдау жалғасуда.
Жобаға өңір тұрғындарының қызығушылығы жоғары. Бүгінгі таңда қатысуға ниет білдіргендердің жалпы саны 800-ден асты. Бұл – облыстың қалалары мен аудандарында жобаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш.
Жобаға жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, әскери қызметшілер, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдары мен қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері қатысуда.
Қатысу белсенділігі бойынша көш бастап тұрған өңірлер:
🔹 Қарағанды қаласы – 194 қатысушы;
🔹 Балқаш қаласы – 170 қатысушы;
🔹 Шахтинск қаласы – 91 қатысушы.
Сонымен қатар өзге де өңірлерден қатысушылар белсенді тіркелуде:
🔹 Бұқар жырау ауданы – 72;
🔹 Нұра ауданы – 58;
🔹 Саран қаласы – 49;
🔹 Абай ауданы – 25;
🔹 Қарқаралы ауданы – 23;
🔹 Ақтоғай ауданы – 13;
🔹 Шет ауданы – 5;
🔹 Осакаров ауданы – 3;
🔹 Теміртау қаласы – 2 қатысушы.
📍 Әскери бөлімдер мен өңірлік қолбасшылықтар арас ында:
🔹 «Орталық» өңірлік қолбасшылығы – 73 қатысушы;
🔹 «Астана» өңірлік қолбасшылығы – 5 қатысушы.
🏫 Арнайы мектептер мен қолдау орталықтарынан:
🔹 Ерекше балаларға арналған арнайы мектептер – 13 қатысушы;
🔹 Балаларды қолдау орталықтары – 3 қатысушы.
«Тұлпар мініп, ту алған!» жобасы – ұлттық рухты жаңғыртып, халқымыздың тарихи жадын, батырлық дәстүрін және рухани мұрасын жас ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды бастама.
Жобаға қатысушылар санының күн сайын артуы – өңір тұрғындарының ұлттық мұраға деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді.
📣 Өңірдің барлық қалалары мен аудандарын жобаға белсенді қатысуға шақырамыз!
Ұлттық мұраны дәріптеу – өткенді ұлықтау ғана емес, оны келер ұрпаққа аманаттау.
«Тұлпар мініп, ту алған!» – ұлттық рух пен ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін облыстық жоба.
#тұлпармініптуалған
#АлпамысБатыржыры#БөгенбайБатыржыры
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1272612?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау