Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Қазыбек би, Лихачев, Байзақұлы, Жандосов, Верещагин, Шолохов және Уәлиханов көшелеріндегі нысандарды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мақсатында тиісті жұмыс жобасы әзірленуде. Жобаның негізгі мақсаты – осы көшелердегі үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз етіп, аумақтың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту. Жоба аясында 395 үйді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу көзделіп отыр. Нәтижесінде 1 305 тұрғын сапалы инженерлік-коммуналдық қызметпен қамтамасыз етіледі. Жобаны іске асыру арқылы: 🔹 үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу қамтамасыз етіледі; 🔹 кәріз жүйесінің тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуіне жағдай жасалады; 🔹 аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жақсарады; 🔹 қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктеме төмендейді; 🔹 тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсарады; 🔹 Тұран ауданының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы одан әрі дамиды. Аталған жоба Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңарту және дамыту, тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстың бірі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1273215?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау