12 тамызда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шарбиевтің төрағалығымен V Group және Antipollution компанияларының өкілдерімен онлайн-кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар ластанған топырақты тазарту, қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу, баламалы отын өндіру және т.б. салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша ұсынылған бастамаларды егжей-тегжейлі пысықтау үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен алдағы уақытта жұмыс кездесулерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1273084?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау