Зейнетақы жинақтарын тұрақты қалыптастырып жүрген қазақстандықтардың саны артып келеді Қазақстанда азаматтардың болашақ зейнетақысына деген жауапкершілігі жылдан-жылға артып келеді. Көпшілік зейнетақы жинағын қартайған шақтағы тұрмыс деңгейіне ықпал ететін ұзақ мерзімді жеке қаржысы ретінде қабылдай бастады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұны зейнетақы жинақтарының қарқынды өсуінен, халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кеңінен тартылуынан, жарналарды тұрақты төлейтін азаматтар санының артуынан және аударымдардың жүйелі жүргізілуінен байқауға болады.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 28,09 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 4,08 трлн теңгеге немесе 17%-ға өсті.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі – зейнетақы шоттары санының тұрақты артуы. 2026 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-да 18,78 млн зейнетақы шоты бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,11 млн-ға немесе 6,3%-ға көп.

Толық ақпарат enpf.kz сайтында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar-akkemer/press/news/details/1272609?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version