Жамбыл облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және білім беру-сауықтыру орталықтарын лицензиялау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл облыста балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Осы мақсатта 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қабылданған жаңа талаптарына сәйкес балалар лагерьлерін (ресми атауы — балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары) міндетті лицензиялау жүйесі енгізілді.

Бұл ретте, өңірде алты білім беру-сауықтыру орталықтары оның бірі – жыл бойы жұмыс істейтін «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болса, бесеуі маусымдық орталықтар. Маусымдық орталықтардың  2-і жекеменшік «Тау самалы» мен «Берікқара», ал 3-і мемлекеттік «Балауса», «Жұрындысай» және «Жұлдыз» сауықтыру орталықтарына Жамбыл облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан лицензиялары берілді.

Аталған лагерьлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрықтың талаптарына сәйкес келеді. Бұл талаптар лагерьлердің инфрақұрылымы, қауіпсіздік жүйесі, медициналық көмек көрсету сапасы және кадрлық құрамның біліктілігі бойынша қатаң стандарттарға толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Биыл 1–10 сыныптағы 208 мыңнан астам оқушыны, яғни балалардың 95,6 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда  201 мың 616 бала демалыс және сауықтыру шараларына қамтылып, жоспардың 93 пайызы орындалды.

Қала сыртындағы орталықтарында  ең алдымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға басымдық берілді. Бүгінгі күні осы санаттағы 12 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылды.

Биылғы жылдың сауықтыру орталықтарының ерекшелігі   олардың медициналық кабинеттері лицензияланған, сонымен қатар  балардаң қауіпсіздігін қамтамасы ету мақсатында мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген және дабыл жүйесі орнатылған. Сондай-ақ  тексеруден өткен  арнайы тасымал көліктері қарастырылған.  Яғни балалардың қауіпсіздігі – басты назарда.

Барлық оқу-сауықтыру бағдарламалары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісіліп, бекітілді. Бағдарламалар аясында балалардың шығармашылық, мәдени, спорттық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Демалыс барысында балалар шығармашылық, мәдени, спорттық және танымдық іс-шараларға қатысып, уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізуде.

Сонымен қатар облыс әкімінің өкімімен балалардың жазғы демалысын сапалы  ұйымдастыру мақсатында облыстық штаб құрылып, оның құрамына денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және облыс әкімдігі өкілдері енгізілді.

Жазғы науқанның сапалы өту мақсатында  облыстық штаб тұрақты бақылауда ұстап отыр. Әр ауысым сайын мамандар лагерьлерге барып, қауіпсіздік талаптарының сақталуын, тамақтану сапасын және оқу-сауықтыру бағдарламаларының орындалуын қадағалайды.

Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, мазмұнды және есте қаларлықтай ұйымдастыру – біздің басты міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыстар жазғы маусым аяқталғанға дейін жалғасады.

https://www.facebook.com/share/v/1DJhnyTosQ/?mibextid=wwXIfr 

https://www.facebook.com/share/v/1JJTCHVDsq/?mibextid=wwXIfr 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1272633?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version