Аудан бойынша барлығы 22 Сібір жарасы көміндісі тіркелген. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бетон қоршаулар орнатылып, ескерту тақтайшалары қойылып, аумақтары тікенекті сыммен қоршалуда.
Қазіргі уақытта ЖК «Сүлейменов», ЖК «Нұрали» және ЖК «Мукатаева» тарапынан қоршау жұмыстары толық аяқталды.
Сонымен қатар, Қараөлең ауылдық округіндегі Кіші Қайнар және Көкентау ауылдық округіндегі Надеждовка-2 учаскелері бұрыннан талапқа сай қоршалған.
Шаған кентіндегі Шаған станциясы учаскесіндегі Сібір жарасы көміндісі демеушілердің қолдауымен биіктігі 1,5 метрден асатын бетон қоршаумен қоршалды.
Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитариялық талаптарды сақтау мақсатында жүзеге асырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1273053?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау