Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 72-сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 тамызда Державинск қаласында аудандық мәслихат төрағасы А. Әлжановтың төрағалығымен Жарқайың аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс 72-сессиясы өтті.

Сессия барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген бірқатар маңызды мәселелерді қарады.

Атап айтқанда, «Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-63/2 «Жарқайың ауданының Державин қаласының, ауылдық округтері мен ауылдарының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе талқыланды.

Сонымен қатар, жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар пікір алмасып, ұсыныстарды талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия жұмысы белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіліп, барлық мәселелер жан-жақты қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1273174?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version