2026 жылғы 7 тамызда азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін қолдану және азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Отырысты сот төрағасы Қожабергинов ерін Мәуліханұлы ашты. Іс-шараға ауданаралық азаматтық істер сотының судьялары мен Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жеке тұлғалардың банкроттығы және олардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы істерді қарау кезінде сот практикасының өзекті мәселелерін, сондай-ақ тиісті рәсімдерді жүргізу кезінде сот пен уәкілетті органның өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.
Қаржы басқарушыларын тағайындау мәселелеріне, олардың сот банкроттығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдеріндегі рөліне, сондай-ақ рәсімдерге қатысушылармен өзара іс-қимылдың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
МКД өкілдеріне рәсімдерді жүргізу тәртібіне, қаржы басқарушыларының өкілеттіктеріне, сондай-ақ азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заңнаманы қолдану ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар қойылды.
Мұндай жұмыс кездесулерін өткізу бірыңғай практиканы қалыптастыруға, мемлекеттік органдар мен сот жүйесінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс–орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1273121?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау