Жетісу облысында мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашуға әрекеттенді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түнгі сағат үш шамасында «102» арнасына «Алматы–Өскемен» автожолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті. Куәгерлердің айтуынша, жол апатына қатысушылардың бірі оқиға орнынан қашуға әрекеттенген.

Жетісу облысы патрульдік полициясының қызметкерлері хабарламаға жедел әрекет етіп, көлікті ізін суытпай қудалауды ұйымдастырды. Nissan Cefiro автокөлігі Қонаев қаласы бағытында қашуға әрекеттенген кезде тоқтатылды.

Көлік тізгінінде Ескелді ауданының 25 жастағы тұрғыны болғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жолға шығар алдында алкогольдік ішімдік ішіп, кейін көлік басқарған. Қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, ол басқа Nissan Cefiro автокөлігімен соқтығысқан. Медициналық куәландыру жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, ол қайтадан мас күйінде көлік тізгіндеген.

Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

Жетісу облысының полициясы ескертеді: көлікті алкогольдік масаң күйде басқару жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылған адамның осындай әрекетке қайта баруы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1273147?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version