Жігер Арапов «Көшбасшы – 2026» жастар сыйлығының лауреаты атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорғанда Халықаралық жастар күніне орай облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы – 2026» жастар сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Марапат иелерінің қатарында «Талдықорған әуендері» халықтық фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің жетекшісі Жігер Арапов та бар. Ол «Мәдениет саласының үздік көшбасшысы» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

– Бұл салада 10 жылға жуық уақыт еңбек етіп келемін. Осы жылдар ішінде ұлттық өнерімізді дәріптеп қана қоймай, жас шәкірттер тәрбиелеп, жинаған тәжірибемді кейінгі буынға үйретуге бар күш-жігерімді салып жүрмін. Бүгінгі марапат – еңбегімізге берілген үлкен баға әрі алдағы жұмысымызға зор мотивация. Осындай құрмет үшін алғысымды білдіремін, – деді Жігер Арапов.

Биылғы сыйлықтың басты ерекшеліктерінің бірі – еліміздің заманауи басымдықтарына сай жаңа номинациялардың енгізілуі. Атап айтқанда, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту, сондай-ақ волонтерлік қозғалысты қолдауға бағытталған жаңа аталымдар қамтылды.

Өңір басшысының атынан жастарды облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтап, белсенді жастардың өңірдің қоғамдық, мәдени және әлеуметтік дамуына қосып жүрген үлесін атап өтті.

Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1272872?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version