Жылы көңіл-күймен жеткізілген маңызды ережелер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үштөбе қаласында полиция қызметкерлері

тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін ерекше форматта жақсы көңіл-күй мен қарапайым қамқорлық арқылы еске салды.

Жол бойында жүргізушілерге арнайы жапсырмалары бар кофе ұсынылды. Жапсырмаларда жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы қысқа әрі маңызды ескертулер жазылған. Полицейлер жүргізушілерге асықпау, жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және жолдағы әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарау қажеттігін еске салды.

Ал қалалық саябақта акцияның басты қатысушылары балалар болды. Оларға қауіпсіздік туралы профилактикалық жазулары бар балмұздақтар таратылды. Балалар қаптамадағы жазуларды қызығушылықпен оқып, полиция қызметкерлерінен жолда және қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз ұстау жөнінде пайдалы кеңестер алды.

Осылайша күнделікті қарапайым кофе мен балмұздақ маңызды профилактикалық құралға айналды. Акцияның мақсаты — тұрғындарға ережелерді тек ескертіп қана қоймай, оларды жағымды эмоциялар арқылы есте сақтауға ықпал ету.

«Заң және Тәртіп» қағидаты аясында Жетісу облысының полициясы тұрғындармен ашық әрі түсінікті форматта профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Өйткені қауіпсіздік айыппұлдан емес, әр адамның жауапкершілігінен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1273119?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version