Абай облысы Семей қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің және Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Аталған іс-шараға Абай облысының қалалары мен аудандарының мәдениет және тілдерді дамыту салаларының мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары, жоғары оқу орындарының және Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының өкілдері қатысты.
Семинар барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Алдашұлы Рахымжанов энциклопедиялық мақала тақырыбын дұрыс таңдаудың, қазақ тіліндегі сапалы контентті толықтырудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстардың өзектілігін атап өтті.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Ақмарал Қалиярбекқызы Дауткулова қатысушыларға арналған тренинг барысында Уикипедия платформасына тіркелу, мақалаларға өңдеу жасау және жаңа мақала орналастырудың алгортимдерін, сапалы контент дайындаудың жолдары туралы мәлімет берді.
Семинар соңында спикерлерге Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының алғыс хаты тапсырылып, семинарға қатысушылар зор ризашылықтарын білдірді.
Бұл бастама цифрық кеңістікте ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған маңызды іс-шара болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1273025?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау