Айыппұл емес, қауіпсіздік: СҚО-да «Қауіпсіз жол» аясында көлік қозғалысы баяулатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Челябі – Новосібір» автожолының апат қаупі жоғары учаскесінде полиция қызметкерлері жолдың жүру бөлігін уақытша тарылтты. Булаево аудан орталығының маңында арнайы шектеу құралдары орнатылып, олардың көмегімен жүргізушілер елді мекенге жақындаған кезде жылдамдықты төмендетіп, жол жағдайын мұқият бағалауға мәжбүр болды.

Мұндай жұмыстың өзектілігін статистика да көрсетеді. Жыл басынан бері СҚО аумағында 287 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 25 адам қаза тауып, 414 адам жарақат алған. Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда 48 жол-көлік оқиғасы болып, 19 адам қаза тапқан, 85 адам жарақат алған. Жоғары жылдамдықтағы жолдарда жүргізушілердің жіберген қателіктері ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Іс-шара «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді. Полиция қызметкерлері дронның көмегімен жолдағы жағдайды бақылап, көліктерді тексерді, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізді. Олар шаршаған күйде көлік жүргізуге жол берілмейтінін, жылдамдық режимін бұзудың және қарсы қозғалыс жолағына шығудың қауіпті екенін еске салды. Сонымен қатар криминалдық полиция қызметкерлері жүргізушілерге интернет-алаяқтық пен қылмыстың өзге де түрлерінің құрбаны болмауға қатысты ұсынымдар жазылған профилактикалық жадынамалар табыстады.

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Жолдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды бағыттарының бірі.

Бұған дейін полиция қызметкерлері облыстың Қызылжар және Мамлют аудандарында да жол бөлігін уақытша тарылту арқылы осындай жұмыстар жүргізген болатын. Тәртіп сақшылары атап өткендей, құқық бұзушылықтарды анықтап, айыппұл салу – басты мақсат емес. Барлық профилактикалық іс-шаралар мен рейдтердің негізгі міндеті – жолдардағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1273079?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version