Ақтөбе облысында егін жинау жұмыстары қарқын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Биыл өңірде 435 мың гектар дәнді, 84 мың гектар майлы дақылдар және 6,1 мың гектар картоп пен көкөніс-бақша дақылдарын жинау жоспарланған.

Егін жинау жұмыстарына 1,5 мың трактор, 600-ге жуық астық жинау комбайны, 800-ге жуық трактор тіркемесі және 500-ге жуық жүк көлігі жұмылдырылады. Шаруаларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін 8 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның литрі 278 теңгеден босатылады, бұл нарықтағы бағадан 15%-ға дейін төмен.

Мемлекеттік қолдау шаралары да жалғасуда. «Кең дала-2» бағдарламасы аясында фермерлерге 5% мөлшерлемемен 8 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді. Сонымен қатар өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 2,1 млрд теңге бағытталды.

Қазіргі таңда 36,6 мың гектар алқап жиналып, 58,6 мың тоннадан астам өнім алынды. Орташа өнімділік – 16 центнер гектарына. Егін ору жұмыстарының негізгі кезеңі тамыз айының үшінші онкүндігінде күтілуде.

Жаңа өнімді қабылдауға облыстағы астық сақтау кәсіпорындары мен шаруашылықтардың қоймалары дайын. Олардың жалпы сыйымдылығы 685 мың тоннаны құрайды.

Қарғалы ауданында да егін жинау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Биыл аудан бойынша 109 мың гектарда дәні дақылдарды жинау жоспарлануда. Диқандар ауа райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланып, егін жинау жұмыстарын агротехникалық мерзімде өткізуге жұмыстануда. Қазіргі таңда 13,2 мың гектарда егін жинау жұмыстары жүргізілді. 

«Мемлекет тарапынан шаруаларға үлкен қолдау көрсетілуде. Биыл жеңілдетілген техника алып, «Кең дала» бағдарламасын пайдаланып, субсидия арқылы тұқым сатып алдық. Осындай қолдау үшін мемлекетке алғысымызды білдіреміз», – деді «Қуаныш» шаруа қожалығының басшысы Төрехан Сарин.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1273884?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version