Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу алтыншы сессиясын
шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3- тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес:
1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу алтыншы сессиясы 2026 жылы 14 тамызына шақырылсын.
2. Сессия Қандыағаш қаласы, Мұғалжар аудандық әкімдігінің ғимаратында сағат 10:00-де өткізілсін.
3. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу алтыншы сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
1) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №497 «2026-2028 жылдарға арналған Қандыағаш қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №499 «2026-2028 «2025-2027 жылдарға арналған Жем қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №504 «2026-2028 жылдарға арналған Егіндібұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №505 «2026-2028 жылдарға арналған Жұрын ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы К. Ермағамбетов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mugalzhar/press/news/details/1272946?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау