Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне есірткінің зияны түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласының 17-шағын ауданында орналасқан балалар үйінде Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тәрбиеленушілермен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу, есірткі құралдарының адам денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсерін түсіндіру, сондай-ақ есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына келтіретін зияны, оның өмірге, психологиялық жағдайға және әлеуметтік ортаға кері әсері туралы айтып берді. Сонымен қатар есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау, өткізу және олардың заңсыз айналымына өзге де жолдармен қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға, бос уақыттарын пайдалы әрі спорттық бағытта өткізуге және күмәнді ұсыныстарға ермеуге шақырды.

Кездесу соңында мамандар жасөспірімдердің сұрақтарына жауап беріп, есірткіге қатысты қауіп-қатерлерден сақтанудың маңыздылығын атап өтті.

«Есірткіге деген бір сәттік қызығушылықтың өзі орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір жас өз болашағына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын таңдауы қажет», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

https://www.instagram.com/p/Db5lAiCo3jV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1272988?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version