Бейнеуде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10-12 тамыз аралығында Бейнеу ауданының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтау және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуына ерекше назар аударуда. Атап айтқанда:

  • көлік құралдарының техникалық жай-күйі;
  • жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін пайдалану тәртібі;
  • белгіленген жылдамдық режимін сақтау;
  • көлік құралын мас күйінде басқару фактілерін анықтау;
  • жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын сақтау жағдайы бақылауға алынуда.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.

Құрметті Бейнеу ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, көлік басқару кезінде барынша мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға және өзіңіздің ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Жолдағы қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз!

https://www.instagram.com/reel/Db5Tro4OE-a/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1272980?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version