«13» тамыз күні Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы, Сайқын ауылының аумағында «Бөкей Орда – Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты – Бөкей Орда ауданының арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
БҚО жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1273777?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау