Елорда әкімдігінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың (ӨИШ) отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана – қарқынды дамып келе жатқан, жаңа жобаларды жүзеге асыруға зор мүмкіндік беретін қала. Елорда өскен сайын жаңа әлеуметтік нысандарға, заманауи инфрақұрылымға, жұмыс орындарына және сапалы қалалық қызметтерге деген сұраныс та артып келеді. Бұл бағытта жеке инвестицияларды тарту маңызды рөл атқарады.

Отырыс барысында медицина, логистика, өнеркәсіп және көлік өндірісі салаларындағы бірқатар жоба қарастырылды. Олардың қатарында Қазақ интегративті медицина институтын, ауданы 150 мың шаршы метр логистикалық хаб пен 20 мың шаршы метр логистикалық орталық салу, сондай-ақ жылына 1 мың бірлікке дейін суару жабдығын өндіретін кластер құру жобалары бар.

Сонымен қатар №2 Индустриялық парк жобаларының пулына жылына 80 мың тонна минералды мақта плиталарын өндіретін зауыт пен баламалы энергия көздерін пайдаланатын көлік құралдарын шығаратын кәсіпорынды енгізу мәселесі қаралды. Кәсіпорынның жоспарланған өндірістік қуаты – жылына 25 мың автокөлік.

Ұсынылған жобаларға салынатын инвестицияның жалпы көлемі 105 млрд теңгеден асады. Оларды іске асыру нәтижесінде елордада шамамен 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Жаңа инвестициялық жобалар елорда экономикасын әртараптандыруға, өнеркәсіптік әлеуетті арттыруға және инвестициялық белсенділікті күшейтуге серпін береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1273690?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version