Еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 12 тамызында Ақмола облысы әкімдігінде жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен, аудан және қала әкімдерімен жұмыс кеңесі өтті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Е.А. Абжатов ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС), сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШБЖ) сәйкессіздіктерге қатысты проблемалық мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, Департамент басшысының ұсынысы бойынша аталған мәселелерді жақын арада әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның қарауына шығару жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1273031?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version