Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі Қазақстан Республикасының 1 тарау. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуден және қоғамдық мүдделерді ең жақсы және тиімді түрде қанағаттандырудан тұрады. Мемлекеттік қызмет қоғам мүддесіне адал болуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға жәрдемдесуге, Мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндеттейді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуға тиіс. Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адалдықпен құзыретті және тиімді орындайды деп есептейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1273912?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау