Астана, 2026 жылғы 13 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов жаңадан тағайындалған Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ренате Пайчтың сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың ағымдағы жағдайы мен әлеуетін талқылады.
Сонымен қатар, алдағы жоғары деңгейдегі сапарлар кестесі, сондай-ақ Астана мен Берлин арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестіру мәселелері қарастырылды.
Дипломаттар көпжақты форматта, әсіресе «Орталық Азия – Германия» форматы және басқа да халықаралық алаңдар шеңберінде тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Германия Елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1273947?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау