Heriot-Watt University Ақтөбе кампусында шетелдік студенттер саны артып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Heriot-Watt University Ақтөбе кампусында шетелдік студенттер саны артып келеді

Heriot-Watt University Ақтөбе кампусында білім алатын шетелдік студенттердің географиясы кеңейіп келеді. Бүгінде Heriot-Watt University Ақтөбе кампусында 500-ден астам студент білім алып жатыр. Оның ішінде 315 студент компьютерлік инженерия, 105 студент электр энергетикасы, 86 студент мұнай инженериясы және энергоменеджмент бағыттарында оқиды.

Heriot-Watt University Ақтөбе кампусы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында жұмыс істейді. Кампуста компьютерлік инженерия, электр энергетикасы, мұнай инженериясы және энергоменеджмент бағыттары бойынша мамандар даярланады. Білім алушыларға Heriot-Watt University мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің екі дипломын алу мүмкіндігі беріледі.

Студенттер үшін Heriot-Watt University-дің шетелдегі кампустарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Осы уақытқа дейін Ақтөбе кампусының 44 студенті университеттің Малайзия және Шотландиядағы кампустарында білім алып келді.

Кампус студенттерінің географиясы Қазақстанның 12 өңірін қамтиды. Сонымен қатар мұнда Ресей, Ауғанстан, Пәкістан және Өзбекстан азаматтары білім алады. Енді олардың қатарына Йемен азаматы да қосылады. Ол «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасын таңдады.

Ибрахим Альмаграни ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік азаматтарға арналған «Study in Kazakhstan» мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Талапкердің айтуынша, оның таңдауына британдық білім беру бағдарламасы және оқу нәтижесінде екі диплом алу мүмкіндігі әсер еткен.

«Қазақстан Үкіметінің стипендиялық бағдарламасына өтінім беріп, грант иегері атанғаныма қуаныштымын. Heriot-Watt University Ақтөбе кампусында компьютерлік инженерия мамандығын таңдадым. Бұл университетті таңдауыма екі диплом алу мүмкіндігі мен білім беру бағдарламасының сапасы әсер етті. Ақтөбеге келіп, оқуымды бастауды және университет қауымдастығының бір бөлігі болуды асыға күтемін», – деді талапкер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1273840?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version