Интернет алаяқтығы – бұл адамдарды алдау арқылы олардың ақшасын, банк картасының деректерін, жеке мәліметтерін немесе аккаунттарын заңсыз иемденуге бағытталған қылмыстық әрекет.
Алаяқтар өздерін банк қызметкері, полиция қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе интернет-дүкеннің сатушысы ретінде таныстыруы мүмкін. Олар телефон соғып, хабарлама жіберіп немесе жалған сайттарға сілтеме жолдау арқылы азаматтарды алдап, ақша аудартуға немесе құпия ақпаратты беруге көндіреді.
Интернет алаяқтарының құрбаны болмау үшін:
* SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтпаңыз;
* банк картасының нөмірін, CVV-кодын және құпиясөздерді бөгде адамдарға бермеңіз;
* күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
* интернет-дүкендердің сенімділігіне көз жеткізбей, алдын ала төлем жасамаңыз;
* белгісіз адамдардың өтінішімен ақша аудармаңыз;
* күмәнді қоңырау түскен жағдайда банктің немесе ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз.
Есіңізде болсын: сақтық – интернет алаяқтарынан қорғанудың ең тиімді жолы. Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aktogay/press/news/details/1272951?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау