Казахстандықтар бүкіл ел бойынша ХҚКО-ларда 1,5 миллионнан астам паспорт пен жеке куәлік рәсімдеді
Жеке куәлік пен паспорт алу – казахстандықтар арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі болып қала береді. Жыл сайын миллиондаған азамат паспорт пен жеке куәлік алу үшін ХҚКО-ларға жүгінеді. Құжаттарды ресімдеу жылдам әрі артық қиындықсыз өтуі үшін қызметті алу тәртібін алдын ала білген маңызды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтарға 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен паспорт берілді. Бұл ретте ең көп құжат демалыс пен саяхат маусымының қызған шағында, маусым айында берілді – 269 мыңнан астам. Қызметті жылдам әрі артық қиындықсыз алу үшін ХҚКО-да паспорт пен жеке куәлікті ресімдеуге қалай дайындалу керектігін айтып береміз.
Паспорт алу Паспортты ресімдеу үшін тіркелген жеріңізге қарамастан кез келген ХҚКО-ға жүгіне аласыз, өйткені бұл қызмет экстерриториалдылық принципі бойынша көрсетіледі. Паспортты алғаш рет алған кезде жеке куәлікті көрсету жеткілікті. Егер паспорттың қолданылу мерзімі аяқталып қалса, оны алдын ала ауыстырған жөн. Бұл ретте паспортты уақытылы ауыстырмағаны немесе мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл салынбайды. Қызметті оператор арқылы немесе құжаттандыру терминалы арқылы ресімдеуге болады. Паспортты ресімдеу кезінде кәмелетке толған азаматтар 36 немесе 48 беттік құжатты таңдай алады. 36 беттік паспорт үшін мемлекеттік баж салығының құны – 34 600 тенге, ал 48 беттік паспорт үшін – 51 900 тенге. 16 жасқа дейінгі балалар үшін құны 17 300 теңге болатын 24 беттік паспорт ресімдеуге болады. Құжатты дайындау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Қажет болса, жеделдетілген ресімдеу қызметін пайдалануға болады. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында паспортты жеделдетілген түрде ресімдеудің үш санаты қолжетімді: 1 күнде, 3 күнде немесе 7 жұмыс күнінде. Облыс орталықтарында жедел дайындау мерзімі 3 жұмыс күнін, ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда 7 жұмыс күнін құрайды. Өтініш берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Жеделдетілген ресімдеу қызметі қолданыстағы тарифтерге сәйкес қосымша төлемге көрсетіледі. Балаға паспорт ресімдеу үшін оның туу туралы куәлігі, ата-анасының біреуінің жеке куәлігі және мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат қажет болады. Баланың паспортына өтініш берген кезде ата-анасының біреуінің қатысуы міндетті.
Жеке куәлік алу Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі 16 жасқа толғанда ресімделеді. Жеке куәлікті алғаш рет алғанда және мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырғанда мемлекеттік баж салығын төлеудің қажеті жоқ. Егер құжат жоғалған болса, мемлекеттік баж салығының мөлшері 865 теңгені құрайды. Қажет болған жағдайда жеке куәлікті де қолданыстағы жеделдік санаттарының бірін таңдай отырып, жеделдетілген тәртіппен ресімдеуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-arshaly/press/news/details/1272929?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау