Абай Құнанбайұлының мол мұрасын жас ұрпаққа танытып, бүлдіршіндердің көркем сөзге қызығушылығын арттыру – рухани тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі. 10 тамыз – Абай күніне орай Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілері арасында «Әсемпаз болма әрнеге» мәнерлеп оқудан республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың ауызекі сөйлеуін дамыту арқылы әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ шағын тақпақтарды жатқа, мәнерлеп әрі әсерлі оқуға үйрету.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың жасы кішкентай болғанына қарамастан, олар өз өнерлерін көрсету барысында ерекше эмоционалдылық, артистік шеберлік пен үлкен ынта танытты. Әрбір өнер көрсетудің артында баланың және оның тәлімгерінің үлкен еңбегі жатыр: өлеңді жаттау, интонация, дикция және мәнерлеп оқу шеберлігін жетілдіру – осының бәрі кішкентай қатысушылардың сахнадағы сенімді қадамына жол ашты.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
І орын – Жақсы ауданы, Жақсы ауылының «Дән» бөбекжайы- Савченков Макар Алексеевич 5 жас, жетекшісі -Лукьяненко Юлия Владимировна; Деманова Юлия Васильевна;
II орын- Атбасар қаласының «Қарлығаш» бөбекжайы- Құдайберген Балым 5 жас, жетекшісі- Жумаинова Гульнар Галымжановна;
II орын- Сандықтау ауданы, Балкашино ауылының «Мирас» бөбекжайы- Ильяс Аңсар Дауренұлы, 5 жас «Әсемпаз болма әрнеге» тәрбиешісі-Шурманова Даметкен Галымовна;
III орын- Көкшетау қаласы «Мирас» бөбекжайы» -Носенко Вероника 4 жас, «Әсемпаз болма әрнеге», тәрбиешісі- Карипханова Дамежан Калымтайкызы.
Құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1272983?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау