Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. “Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту” мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1 – қосымшада көрсетілген (бұдан әрі-тізбе). 4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартуға өтінішті және тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. 5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, тіркелім туралы мәліметтер
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1273437?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау