Қарақияда ауылдарды дамыту және мектептерді жөндеу жұмыстары қадағаланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Құланды, Сенек және Бостан ауылдарына арнайы жұмыс сапарымен барып, елді мекендердегі инфрақұрылымдық нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен мұқият танысты.

Сапардың басты назарында білім беру инфрақұрылымының дайындығы болды. Аудан басшысы Құланды мен Сенек ауылдарындағы мектептердің жөндеу жұмыстарын жеке қадағалап, құрылыс барысын аралады. Нысандарды аралау кезінде бірқатар кемшіліктер анықталды.

Анықталған кемшіліктерге байланысты аудан әкімі жауапты сала басшыларына

жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық олқылықтарды толықтай жойып, ғимараттарды мерзімінде әрі сапалы түрде қолданысқа тапсыруды қатаң ескертті. Балалардың қауіпсіз әрі заманауи талаптарға сай ортада білім алуы басты басымдық екенін атап өткен аудан басшысы бұл мәселенің тікелей жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1273896?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version