Қауіпсіз жол: Екібастұзда полицейлер өрескел құқық бұзушылықтардың жолын кесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 100-ден астам дерегін анықтады.

     Рейдтік іс-шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

     Полиция қызметкерлері анықтаған құқық бұзушылықтардың арасында көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару, көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның рөлге отыруы, қарсы қозғалыс жолағына шығу, сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың көлік басқару фактілері бар.

     Мәселен, полиция қызметкерлері көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізушіні анықтап, оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдады.

     Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Сүлейменовтің айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар жолдағы тәртіпті нығайтып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

     Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауға және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1273527?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version