Қауіпсіздік лабиринті: балалар өрт қауіпсіздігін ойын арқылы үйренді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өрт қауіпсіздігі ережелерін балаға түсіндірудің тиімді жолы – оны тәжірибе мен ойын арқылы есте қалдыру.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында оқушылар мен оқытушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге бағытталған танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында балаларға арналған арнайы «Лабиринт» ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар өрт қауіпсіздігіне қатысты түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, ойынның кезеңдерінен өтті. Әрбір тапсырма балалардың білімін тексеріп қана қоймай, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмін есте сақтауға мүмкіндік берді.

Практикалық бөлімде өрт кезінде қолданылатын алғашқы құралдардың бірі – өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану тәртібі көрсетілді. Балалар оның қолданылу ерекшеліктерімен танысып, қажетті жағдайда қауіпсіз әрі сауатты әрекет етудің маңызын түсінді.

Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Ойын арқылы алынған білім – есте ұзақ сақталады. Ал қауіпсіздік дағдысы – өмірлік қажеттілік.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын балаларға ерте жастан үйрету олардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастырудың маңызды бөлігі екенін атап өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1273206?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version