Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және нығайту бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 5 тамызда Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігерімен бірлесіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Қандыағаш пайдалану вагон депосы қызметкерлері, сондай-ақ Қандыағаш станциясындағы көлік объектілерінің қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинар барысында қызметкерлердің психологиялық денсаулығы, күйзеліс пен эмоционалдық қажудың алдын алу, жұмыс орнының қауіпсіздігі мен эргономикасы, денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерді төмендету, туберкулез бен қызылшаның, жіті ішек инфекциялары мен тамақтан уланудың алдын алу, сондай-ақ жұқпалы емес аурулардың профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қаралды.
Қатысушыларға қолданыстағы санитариялық заңнама талаптары, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің қажеттілігі, туберкулез бен қызылшаға қарсы вакцинацияның маңыздылығы, сондай-ақ мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден уақтылы өтудің маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметкерлердің дене белсенділігін арттыру және шаршаудың алдын алу мақсатында дене шынықтыру жаттығулары өткізілді. Қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша жауаптар беріліп, аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау бойынша ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды. Семинар соңында «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында сауалнама жүргізілді. Іс-шараға 31 адам қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1273329?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version