Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Бүгін Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 62-ші сессиясы өтті.

   Сессия жұмысына Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жаңғозы Жаркенов, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

   Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында:  «2026-2028 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №49-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

   Күн тәртібіне ұсынылған шешім жобасы Сарысу аудандық мәслихатының депутаттары тарапынан мақұлданып, сессияда тиісті шешіммен қабылданды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1273303?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version