Егін жинау жұмыстары кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Егістік алқаптардағы өрттердің алдын алу мақсатында аграршылардың қатысуымен 89 дөңгелек үстел мен кездесу өткізіліп, оған 1 753 адам қамтылды. Сондай-ақ 18 мыңға жуық адамды қамтыған 6 мыңнан астам нұсқама жүргізілді.
Бұдан бөлек, егін жинау науқаны кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға ден қоюға қызметтер мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының дайындығын арттыру мақсатында табиғи өрттерді сөндіру бойынша 16 бірлескен оқу-жаттығу өткізілді.
Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, егін жинау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру және өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндіруге ерекше назар аударылуда. ТЖМ мамандары егін жинау басталғанға дейін астық алқаптарын уақытылы шауып, минералдандырылған жолақтармен қоршау, ауыл шаруашылығы техникасын жарамды өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ аңыз бен егін қалдықтарын өртеуге және алқаптарда ашық от жағуға жол бермеу қажеттігін еске салады.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ғана мол өнімді сақтап, төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1273908?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау