СҚО-да шекара маңы мен курорттық аймақтағы полицейлерге профилактикалық жұмысты күшейту міндеті қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаровтың алғашқы жұмыс сапарлары Мағжан Жұмабаев және Айыртау аудандарында өтті.

Мемлекеттік шекараның ұзындығы 328 шақырымды құрайтын әрі көлік қозғалысы қарқынды жүзеге асатын Мағжан Жұмабаев ауданында облыс аудандары арасындағы екінші Жедел басқару орталығы жұмысын бастады. Алғашқы осындай орталық өткен жылы пилоттық жоба ретінде Қызылжар ауданында ашылған болатын. Жаңа Жедел басқару орталығы заманауи цифрлық техникамен жабдықталған. Ол бейнебақылау жүргізуге, ақпараттық базалармен жұмыс істеуге және полиция жасақтарының қызметін жедел үйлестіруге мүмкіндік береді. Орталықтың ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен СҚО полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров қатысты. Жыл соңына дейін осындай орталықтарды облыстың өзге аудандарында да ашу жоспарланып отыр.

Айыртау ауданында Имантау–Шалқар курорттық аймағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Мұнда 50-ден астам демалыс орны орналасқан. Туристік маусым кезінде аумақта туристік полиция қызметкерлері қызмет атқарып, сегіз бағыт бойынша патрульдеу ұйымдастырылған.

Жұмыс сапарлары барысында Руслан Назаров бөлімшелердің қызметті ұйымдастыруымен, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен және жедел ахуалмен танысып, жеке құраммен кездесті. Ішкі істер министрлігі басшылығының тапсырмаларын орындау аясында ол алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындап, қызметтік тәртіпті нығайту, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1273072?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version