«Таза Қазақстан – табиғатқа тағзым»: экотренинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында кітапхана жастары мен қалалық волонтерлердің қатысуымен «Тазалық – Қазақстанның келбеті» атты шара өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы тек сенбілік жұмыстарымен шектелмейді, тазалық тақырыбын түрлі қызықты форматтар арқылы талқылауға болады.

Эко тренинг форматында өткен шараның мақсаты – жастар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндеу.

Шара барысында  жастарға экологиялық жағдаяттар ұсынылып, «Менің әрекетім» форматында өз ойлары мен шешімдерін ортаға салды. Ал «30 секунд – 1 ой» алаңында қатысушылар «Таза қала қандай болады?», «Мен табиғат үшін не істей аламын?», «Тазалық мәдениеті деген не?» сияқты тақырыптарда өз пікірлерін білдірді.

Экологиялық білімді ұлттық құндылықтармен сабақтастыру мақсатында табиғат пен тазалыққа қатысты мақал-мәтелдер айтылып, «Эко-пантомима», «Қоқысқа екінші өмір бер!» шығармашылық ойындары ұйымдастырылды. Қатысушылар күнделікті тұрмыстағы қалдық заттарды қайта пайдалану жолдарын ұсынып, пластик бөтелке, картон, газет, шыны банка сияқты заттарға қатысты өздерінің креативті идеяларын көрсетті.

Сонымен қатар жастар арасында эко-дебат өткізіліп, «Айыппұл мәдениетті қалыптастыра ала ма?» деген тақырып төңірегінде пікір алмасу болды. Ойындар ортасындағы «Сергіту сәттері» жастарға өте ұнады.

Шараның ең қызықты бөлімдерінің бірі – «Эко-челлендж». Қатысушылар қысқа уақыт ішінде «Таза Қазақстан – бұл…» және «Менің қалама жасайтын бір жақсылығым…», «Кітаптар патшалығында» тақырыптарында бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желі арқылы экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлестерін қосты.

Тазалық бір күндік науқан емес, әр адамның күнделікті мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінен басталады. «Таза Қазақстан» – таза ауладан ғана емес, таза ойдан, таза ниеттен және нақты әрекеттен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1273351?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version