ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысының Түлкібас ауданында жаңартылған «Ардагерлер үйі» ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысан аудан тұрғындарының басын қосып, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық-мәдени орталыққа айналмақ.
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, аудан тұрғындарының қуанышын бөлісті. Ғимаратты аралап шығып, ауыл ақсақалдарымен пікірлесті.
Нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, 100 адамға арналған ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталды. Мұнда тұрғындардың түрлі қоғамдық, мәдени-рухани іс-шараларды өткізуіне қажетті жағдай жасалған. Құрылыс жұмыстарын «Батсу-Водоканал» ЖШС атқарды.
Ардагерлер үйі ең алдымен ауданның ардагерлер қауымының басын қосып, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1273253?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version