🔰 Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының «Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, жастар ісі, туризм – спорт, тарихи мұраларды қорғау жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиынды тұрақты комиссия төрағасы Тәңірбергенов Дәурен ашып, жүргізді.
✅ Отырысқа Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр, жауапты бөлім басшылары мен тиісті мекеме өкілдері қатысты.
📌 Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1️⃣ Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
2️⃣ Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
3️⃣ Түркістан қалалық білім бөлімінің 2025-2026 оқу жылының қорытындысы және 2026-2027 оқу жылына дайындығы туралы.
📌 Комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Жауапты бөлім басшылары атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, депутаттардың сауалдарына жауап берді.
🔹 Сонымен қатар білім саласындағы 2025-2026 оқу жылының қорытындысы сараланып, жаңа оқу жылына дайындық барысы талқыланды. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ ішкі саясат бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.
📎 Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, жауапты бөлімдерге алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1273005?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау