Ұлытау облысында “Заң алаңы” акциясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысында “Заң алаңы” қоғамдық қабылдау акциясы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіліп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысында “Заң алаңы” қоғамдық қабылдау акциясы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті. Жезқазған қаласындағы Отбасын қолдау орталығында ұйымдастырылған қабылдау барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау тетіктері, қорғау нұсқамаларын шығару тәртібі және қолданыстағы заңнама талаптары жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәселелер бойынша қойған сауалдарына жауап берілді. Мұндай қоғамдық қабылдаулар халық пен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Биылғы жылдың жеті айында Ұлытау облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары бойынша 27 қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттерге байланысты 496 әкімшілік хаттама рәсімделді. Құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу мақсатында сот шешімімен 11 азаматқа мінез-құлқын психологиялық түзету бағдарламасынан өту міндеттелді. Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанатынын атап өтіп, тұрғындарды құқыққа қайшы әрекеттер туралы полицияға дер кезінде хабарлауға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1273312?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version