Вакцинация – денсаулықты қорғаудың сенімді жолы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Иммундаудың арқасында жыл сайын миллиондаған адамның өмірі сақталып, қауіпті инфекциялық аурулардың таралуына жол берілмейді.

Екпе алу арқылы адам өз денсаулығын ғана емес, сондай-ақ балаларды, егде жастағы азаматтарды және иммунитеті әлсіреген адамдарды да қорғайды. Себебі бұл санаттағы адамдар үшін жұқпалы аурулардың салдары аса ауыр болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық вакциналар сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі бойынша қатаң бақылаудан өтеді. Иммунобиологиялық препараттар Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне және халықаралық талаптарға сәйкес қолданылады.

Қарабалық аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  өңір тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық екпелерді уақытылы алуға шақырады. Аурудың алдын алу – оны емдеуден әлдеқайда тиімді. Уақтылы салынған вакцина – өз денсаулығыңызды, отбасыңыздың амандығын және қоғамның санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтауға қосылған маңызды үлес.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1273910?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version