Жезқазған қаласындағы ойын-сауық орталығында әйелдер мен балаларға арналған «Sister’s Party» іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған 15 әйел мен 40 бала қатысты.
Балалар арнайы ойын алаңында уақыт өткізген кезде, аналар психолог және теолог мамандармен еркін форматта пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Сарапшы-психолог Лола Шакимова бала психологиясы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері бойынша кеңес беріп, балалар арасындағы буллингтің алдын алуға арналған әдістемелік материалдармен бөлісті.
Теолог Бейсенбек Бақжанар рухани және отбасылық құндылықтар тақырыбында пікір алмасып, Ислам тарихына арналған танымдық Kahoot ойынын өткізді.
Іс-шара әйелдерге пайдалы ақпарат алып, еркін сұхбаттасуға, ал балаларға уақыттарын көңілді өткізуге мүмкіндік берді. Соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1272948?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау