Жоғалған велосипед иесіне қайтарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғалған велосипедті анықтап, заңды иесіне қайтарды.

Полиция қызметкерлері велосипедтің жоғалуына байланысты жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде оның орналасқан жерін анықтап, мүлікті иесіне табыстады.

Аталған жағдай бойынша қажетті профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Полиция қызметкерлері азаматтардың мүлкіне ұқыпты қараудың және жеке заттарды қараусыз қалдырмаудың маңыздылығын атап өтті.

Құқық қорғау органдары тұрғындарға велосипедтер мен өзге де жеке мүлікті қауіпсіз жерде сақтауға, мүмкіндігінше құлыптау құрылғыларын пайдалануға және құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Сонымен қатар азаматтардан күдікті жағдайларға куә болған кезде дереу полицияға хабарлап, құқық бұзушылықтардың алдын алуға үлес қосу сұралады.

Мүлік қауіпсіздігі – әр азаматтың өз жауапкершілігінен басталады.

https://www.instagram.com/reel/Db6Ryj-KPVg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1273000?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version