Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Үлгілік қағидаларға өзгерістер енгізілуіне байланысты, Жітіқара аудандық мәслихатының 2026 жылғы 24 шілдедегі № 435 шешімімен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың жаңа қағидалары бекітілді.
Бірыңғайландыру шеңберінде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздері, әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері, кезеңділігі, шарттары мен тәртібі қайта қаралды.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1. дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2. өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3. әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
4. республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кірістің болуы.
Елеулі өзгерістердің бірі – жан басына шаққандағы орташа кірістің белгіленген шектен төмен тұлғаларға (отбасыларға) көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерінің ұлғайтылуы болып табылады. Аталған көмек жылына бір рет 15 АЕК мөлшерінде көрсетіледі, ал бұрын оның мөлшері 7 АЕК-ті құраған. Жан басына шаққандағы орташа табыс өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есепке алынады.
Сондай-ақ, біріздендіру шеңберінде әлеуметтік көмекті көрсету мерзімділігіне бірыңғай тәсілдер айқындалды – біржолғы немесе мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет), сондай-ақ азаматтардың өтініш жасау және өтініштерді қарау тәртібі нақтыланды.
Қабылданған өзгерістер әлеуметтік көмек көрсетудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуге, оның атаулылығы мен ашықтығын арттыруға, алушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.
#ЗаңменТәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1274533?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау