Алдағы сайлауда мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді.

Осыған байланысты біз мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне назар аударғымыз келеді.

Астанада сайлауға қатысу құқығы бар 30 мың жуық мүгедектігі бар азаматтар тұрады. Олардың әрқайсысына өз сайлау құқығын жүзеге асыруға нақты мүмкіндік берілуі тиіс.

Елордада 403 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, барлық сайлау учаскелерде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне қосымша ішінара мониторинг жүргізуде.

Қолжетімділік – бұл тек кіреберістегі пандустың болуығана емес.

Кресло-арбамен жүретін азаматтардың сайлау учаскіге кедергісіз кіріп, ғимарат ішінде еркін қозғалуы маңызды. Сонымен қатар, көру және есту қабылеті бұзылған азаматтар үшін қажетті ақпараттың қолжетімді болуы керек.

Сондай-ақ, көмек шақыру түймелері, тактильді нұсқаушылар және басқа да қажетті жағдайлар қарастырылуына ерекше мән беріледі.

Біздің басты мәселе азаматтарға өз сайлау құқығын пайдалану үшін ешқандай кедергісіз мүмкіндік берілуіне жағдай жасау.

Туындаған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен және сайлау комиссияларымен бірлесіп жұмыс жүргізудеміз.

Нақты айтқанда, мүгедектік сайлауға қатысуға кедергі болмауы керек.

Біздің ортақ міндетіміз – 23-тамыз күні әрбір азаматтың өз таңдауын жасауына мүмкіндік беру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1274303?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version