Асхат Бердіханов скейтбордшы балаларды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаевта аула спорт түрлерімен айналысатындар көп. Солардың бірі – балалар. Олардың өтініші бойынша орталықтағы скейт-парк ағымдағы жөндеуден өтті. Сондай-ақ қала әкімі Асхат Бердіхановтың тапсырмасына сәйкес, паркке жаңа элементтер қойылады.

Балалар шаһар басшысының қабылдауында болды. Басқосуда Асхат Бердіханов кез келген спорт түрімен айналысатындарға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Ол балаларды ең алдымен тәртіпті болуға шақырды.

«Біз кездесу уақытын екі мәрте өзгерттік. Бұлай болмайды. Мықты азамат болып қалыптасу үшін ең алдымен тәртіп болуы қажет. Үлгілі спортшы болуларыңа тілектеспін», – деді ол.

Бұдан бөлек, әкім балаларды спорт күнінде белсенділік танытып, самокатпен айла-тәсіл жасаудан өтетін жарысқа қатысуды ұсынды.

«Қала әкімдігі салауатты өмір салтын ұстанып, кез келген спорт түрімен шұғылданатындарға қолдау көрсетуге әрдайым дайын», – деді Асхат Бердіханов.

Ал жеткіншектер болса, шаһар басшысына өтініштерін ескергені үшін және қабылдау өткізгені үшін алғыстарын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/1274198?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version