Атырау облысы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілерге арналған түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 4 тамызда Атырау облысы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілерге арналған түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г. Қыстаубаева төрағалық етті. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 шілдеде өткен аппараттық кеңестің №3 хаттамасында айқындалған тапсырмалар мен басым бағыттар түсіндіріліп, олардың сапалы әрі уақтылы орындалуының маңыздылығы атап өтілді.
Күн тәртібіне сәйкес, бөлім басшысы С. Абилхайров Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғамдық тәртіп саласындағы заңнама департаменті әзірлеген «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің кейбір мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарын» таныстырып, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру барысында аталған ұсынымдарды қолданудың ерекшеліктеріне тоқталды.
Сондай-ақ, бөлім басшысы А. Анжанова Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіріп, олардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі және заң үстемдігін нығайтудағы маңызына тоқталды.
Іс-шара қорытындысында мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заңнаманы бірізді қолдану, қызметтік міндеттерді сапалы орындау және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында тиісті түсіндірмелер беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1274252?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version